Іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «МАЭК-Казатомпром» ЖШС жауапкер «АктауВторметалл»  ЖШС-нен 463 459 қарыз өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Сотта анықталғандай, тараптар арасында 01.05.2013 жылы электрмен жабдықтау  туралы  келісімшарт жасақталып,  шарт талаптарына сәйкес жеткізуші (талапкер) электр энергиясын беру қызметін көсетуге міндетті, ал тұтынушы (жауапкер) осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын №1 қосымшаға сәйкес берілген электр энегиясын қолдануға және көрсетілген қызметке ақысын толық көлемде төлеуді міндетіне алған.

Талапкер тарапынан өз міндеттемелері тиісті түрде орындалған. Бірақ, 2015 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың маусым айы аралығына жауапкер көрсетілген электр энергиясын көрсету қызметінің төлемін төлемеуі салдарынан талапкер алдындағы жалпы қарыз сомасы 463 459 теңге құраған.

Сот, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің  272-бабы бойынша міндеттеме шарттары заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуы тиіс екенін басшылыққа алып,  талапкердің талабын толық қанағаттандыру туралы  шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енген.

 

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі