Облыстық соттың ұжымы сенбілікке шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотының кеңсе қызметкерлері сенбілік өткізді. Сенбілікке Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы  бастаған сот ұжымы бір кісідей жұмылып, тазалық жұмысына белсене қатысты.

Бұл күні қызметкерлер құрал-саймандарымен жаңа ғимарат маңында жиналып қалған қоқыстарды жинастырып, аула ішін тазартып, ағаш түптерін ақтап, темір қоршауларды сырлады. Осыдан кейін арнайы белгіленген жерлерге жас ағаштардың  көшеттері отырғызылды.

Аталған шара барлық аудандық соттарда да  жалғасын тапты.

 

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі