Облыстық сот ұжымы сенбілікке шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы соттарында қыркүйек айында сенбілік өткізу айлығы жарияланды. Осыған орай Маңғыстау облыстық сотының ұжымы күзгі сенбілікке бір кісідей атсалысып, сот ғимаратында тазалық жұмысын жүргізді.

Сенбілікке Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы М.Епенова бастаған сот қызметкерлері түгел қатысты.

Іс-шара аясында сот ғимаратының айналасы мен қоршау іші қоқыстан  тазартылып, арам шөптер жұлынып, қоршау қабырғалары сырланды. Сондай-ақ, есік-терезелер сүртіліп, ішкі тазалық жұмыстары да назардан тыс қалмады.

 «Тазалық — саулық негізі» демекші сот ұжымы сенбілікте ұжымшылдық танытты.

- Әр сенбілікке қызметкерлер құлшына қатысады. Айналаны тазарту, сырлау-әктеу, гүл отырғызу жұмыстарын күліп-ойнап жүріп атқарамыз. Себебі, тазалық жанның саулығы әрі әрбір адамға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, - дейді Соттар әкімшісінің басшысы Меңді Епенова.

Сенбілік жұмысы барлық аудандық және оған теңестірілген соттарда өз жалғасын тапты.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі