Несие қарыз өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотында  талап қоюшы «Еуразиялық банк» АҚ-ның жауапкер Т-дан   несие қарызы мен баж алымын өндіру туралы азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен  қаралды.Талап арызға сай жауапкерге келісім шарт бойынша 24 ай мерзімге несие  берілген. Бірақ, жауапкер уақытында төлемді өтемей, шарт бойынша  міндеттемелерін орындамаған. Осыған байланысты талап қоюшы жауапкерден берешек сома өндіруді және төленген мемлекеттік бажды қайтаруды сұраған.Сот жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгіледі. Талап арызға жауапкерден пікір немесе қарсылық сотқа түскен жоқ. ҚР Азаматтық процестік кодексінің 146-бабының 5-бөлігіне сай, пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмай істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды. Мұнайлы аудандық сотымен талап қоюшы «Еуразиялық банк» АҚ-ның талап арызы толықтай қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының  пайдасына жалпы сомасы 1 620 106   теңге несие қарызын және 48 603 теңге мемлекет баж өндіру туралы шешім шығарылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі