Мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотында  мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы С. есімді аудан тұрғының арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, арыз берушінің әкесі 2012 жылы қайтыс болған. Ол 2017 жылы мұраны рәсімдеу қажет екенін түсініп, мұраға құқық беру туралы куәлікті алу үшін арызбен нотариуске жүгінген кезде мұраны қабылдау мерзімінің өтіп кетуіне байланысты қабылдаудан бас тартып, сотқа жүгінуге болатындығы туралы түсіндірген.

Сот мәжілісінде арыз иесі мұраны қабылдаудың алты айлық мерзімін құқықтық сауатсыздығынан өткізіп алғанын айтып, өткізілген мерзімді дәлелді деп танып, қалпына келтіруді сұрады.

Сот шешімімен арыз қанағаттандырылып, мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі