Мұнайлы аудандық сотында пилоттық жоба түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотында  Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының нормаларын және даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жобаны түсіндіру мақсатында  семинар өткізілді.

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының судьясы Г.Имангалиева, Мұнайлы сотының төрағасы Б.Елемесов, аудандық соттың судьялары, «Мұнайлы аудандық әкімдік апараты» ММ-нің өкілі,  «Ақсақал» ардагерлер орталығының, Мұнайлы аудандық прокуратурасының, «Мұнайлы аудандық білім  бөлімі» ММ-нің, Мұнайлы аудандық ІІБ-нің қызметкерлері, БАҚ өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Шара барысында сот төрағасы Б.Елемесов ҚР Жоғарғы Сотымен әзірлеген жобаның артықшылығы мен басымдылығын атап өтіп, медиация рәсімдері бойынша өткізуге қажетті даулар санатына назар аударды. Сондай-ақ, ол  пилоттық жоба балаларға қатысты алименттік міндеттемелер туралы дауларды сотқа дейінгі тәртібімен реттеуді, некені бұзу, мүлікті және мұрагерлікті бөлу, тұрғын жайдан заңсыз шығару туралы азаматтық істер бойынша еңбек дауларын реттеуді және басқаларды қарастыратынын түсіндірді.

 

Қайнар: 
Мұнайлы аудандық сотының Баспасөз қызметі