Мұнайлы аудандық сотында медиация тәртібімен істі қарау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотында «Медиация тәртібімен істі қарау» атты тақырыпта семинар өтті.

Аталған шараға аудандық соттың судьялары мен сот қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинарда судья А.Дусимова  баяндама оқып, медиация ұғымы мен мағынасы, сондай–ақ, сот медиациясын өткізу құқығы жөнінде түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, ол «Осыдан 5 жыл бұрын сарапшылардың әбден сүзгісінен өткізіліп қабылданған Медиация  заңының жыл сайын қолданысы артуда. Азаматтық, әкімшілік, кейбір қылмыстық істердің екі тараптың бітімге келуі арқылы қысқартылуы бүгінгі күннің нәтижесі. Сотқа келген тараптарға бітімгершілік, татуластыру рәсімдерін түсіндіріп, көп уақыт бөлгенімізбен, қос тараптың сот залынан татуласып шыққанын көріп қуанамыз», - деді.  

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, мұндай пайдалы шаралар жиі өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді деген жүрекжарды тілектерін жеткізді.

 

Қайнар: 
Мұнайлы аудандық сотының Баспасөз қызметі