Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ-нің жауапкер «Графика+А» ЖШС-ны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіруазаматтық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, жауапкермен мемлекеттік сатып алу туралы келісім шартқа қол қойылған, алайда жауапкер келісім шартты тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды және мемлекет пайдасына 160 теңге тұрақсыздық айыбын өндіруді сұраған.

 Келісім шарттың  қосымшасына сәйкес жауапкер 2016 жылдың ішінде жеткізуі керек, ал келісім шарттың 9.1. бөлігіне сәйкес келісім шарт мерзімі 14.04.2016 жылға дейін жарамды деп көрсетілген.

Сот отырысында жауапкермен келісім шарт бойынша міндеттеме жұмыстарын 31.03.2016 жылға дейін орындалғанын тараптар мәлімдеді.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес тұлға мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы ретінде танылады.

Сотта жауапкер мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттар бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындағаны, ал талапкер жағынан жауапкерге істеген жұмыстардың сапасы бойынша еш шағымы жоқ екені анықталды, сол себепті сот талапты қанағаттандырудан бас тартты.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі