«Мемлекеттік қызметке кіру» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының    3-тарауы бойынша «Мемлекеттік қызметке кіру» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға сот қызметкерлері қатысты.

Шара барысында сөз алған кеңсе маманы С.Жарылқасын  аталған Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтінін, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететіндігіне тоқталып өтті.  

Сонымен қатар,  өзге де адамдардың мемлекеттік органдардағы қызметі мәселелерін айқындайтынын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi қызметi екенін әріптестеріне түсіндірді.

Сондай-ақ, шара барысында  мемлекеттік қызметке кіру шарттары жөнінде және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданатынын, мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде шығу тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты қандай да бір кемсітушілікке жол берiлмейтіні туралы жан-жақты талқыланды.

 

 

 

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі