Медиативтік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында  талапкер И-дің  жауапкер «Е» ЖШС-нен жалақыны   өндіру туралы азаматтық іс  қаралды.

Талапкер И. сотқа берген талап арызында 01.10.2014 жылдан бастап осы күнге дейін жалақы, пайдаланбаған еңбек демалысының күндеріне өтемақы, өсімақы  барлығы  7 272 589 теңге өндіруді сұраған.  

Аталған азаматтық істі қарау барысында тараптар медиативтік келісім жасап, оны бекіту үшін сотқа жүгінді.

Тараптардың келісіміне сәйкес талапкер талап соммасын 1 800 000 теңгеге дейін азайтады, жауапкер осы сомманы 2017 жылдың 25 сәуіріне дейін төлеуге міндеттелген.

Сондықтан, тараптардың медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі сотпен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Талапкерге мемлекеттік баж кері қайтарылды.

Медиативтік келісімнің талаптары орындалмаған жағдайда талапкер аталған соммаға сот шешімінсіз орындау қағазын  беруге сотқа жүгінуге құқылы.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі