Медиациямен отбасы сақталады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында неке бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Талап қоюшы К. талап арызында жауапкермен  2013 жылдан бері заңды некеде тұрып жатқанын, ортақ некеден араларында кәмелет жасына толмаған екі балалары барын, жауапкердің өзін сыйламайтынын, балалардың тәрбиесімен айналыспайтынын көрсетіп, сотқа жүгінген.

Алдын ала сот отырысында тараптар сотқа дауды медияция тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Келісімге сәйкес, талап қоюшы некені жалғастыруды қалады, ал жауапкер жұбайына сыйластық танытуға және түсіністікпен қарауға, отбасына көңіл аударып, балаларының тәрбиесімен айналысуға міндеттенді.

Соттың ұйғарымымен тараптардың дауды реттеу туралы келісімін сот медиациясын жүргізу тәртібімен бекітіп, іс жүргізу тоқтатылды.

681 теңге көлеміндегі төленген мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі