Медиация тәртібімен азаматтық іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №2 сотымен А.Е.Найзагараевтың жауапкер  С.А.Муханбетовке берген  қарыз ақша және  сот шығындарын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Соттан талапкер А.Е.Найзагарев жауапкер С.А.Муханбетовке 400 000 теңгені қарызға бергенін, алайда ол берген ақшаны уақытылы кері  қайтармағандықтан сот арқылы өндіріп беруді сұраған.  

Сот отырысы барысында іске қатысушы тараптар азаматтық іс бойынша медиативтік келісімге келіп, олар соттан араларында жасақталған медиативтік келісімін бекітіп, азаматтық істі сот өндірісінен қысқартуды сұраған.

Медиативтік келісімге сәйкес  жауапкер  талапкерге 400 000 теңге қарыз ақшаны 1 ай ішінде беруге міндеттенді.

Тараптардың бітімгершілік келісімге келуіне байланысты азаматтық іс сот өндірісінен қасқартылды.

Ұйғарым қазіргі таңда заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі