Медиация арқылы балалардың тұрғылықты жері анықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бейнеу аудандық сотында талап қоюшы К-нің жауапкер А-дан балалардың тұрғылықты жерін анықтау  туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, талап қоюшы 14.02.2002 жылдан бастап жауапкермен заңды некеде тұрғанын, ортақ некеден кәмелетке толмаған бес қызы бар екенін, 26.10.2015 жылы Бейнеу аудандық сотының шешімімен некесі бұзылғанын айтқан. Талапкер соттан қыздарының айтуынша, жауапкер балаларды ұрып-соғатынын, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын жүргізбейтінін және жауапкермен бірге тұратын Н. есімді жігітпен үйде жиі ұрыс-жанжал туындайтынын жеткізіп, бұдан былай балаларды әкесімен бірге тұруды белгілеуді сұраған.

Талап қоюшы К. мен жауапкер А. дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген. Яғни, жауапкер А. балаларын әкесімен тұруына келісім беріп, балаларды әкесіне беруге міндеттенген. Ал талап қоюшы К. қыздарының қалауы бойынша демалыс және мереке күндері анасы А-мен кездесіп тұруына келіскен. Сондықтан сот мәжілісінде талапкер талап арызынан бас тартып, іс жүргізуді тоқтатуды және дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді сұрап, сотқа келісім мен өтініштерін ұсынды.

Сотпен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс тоқтатылды.

Қайнар: 
Бейнеу аудандық сотының Баспасөз қызметі