Маңғыстау облысының тұрғындарымен және БАҚ үшін ақпарат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бүгінгі таңда элкетронды ақпараттың технологияның дамуына байланысты Қазақстан Республикасының Сот жүйесіне жеңілдету мақсатында, Елбасының VI- съезінде сот жүйесін «Электронды бақылау өндірісі» портал жобасы қаралып құпталды.
Бұл жоба Қазақстан Республикасының жоғарғы сотымен әзірленген ҚР сот органдарының http://enp.supcourt.kzпорталы арқылы, Маңғыстау облыстық сотымен электронды бақылау өндіріс қызметі қолданысқа енгізілді.
Аталған порталды қолдану үшін, сот отырысының қатысушылары маңғыстау облыстық сотының кеңсесінен:
 
1 - Порталды қолдану үшін рұқсат парольін алу қажет.
 
2 - Іс бойынша мәліметтерді қарауға және құжаттармен сот актілеріне рұқсат алу қажет.
 
Сот өндірісіне қатысушыға өзі қатысқан немесе қатысатын істер бойынша мәліметтерді қарауға рұқсат парольі, сот кеңсесінің жауапты маманымен беріледі.
- Парольді беруге, өзгертуге, жоюға жауапты тұлға тиісті соттың кеңсе басшысымен бекітіледі.
 
Электронды бақылау өндірісін әр бір жеке тұлға қолданысқа түсу үшін ғаламторға кіріп браузерлік адрес жүйесіне мына порталды http://enp.supcourt.kz теру қажет және
іс бойынша мәліметтерді қарауға және сот актілерін алу үшін « істі іздеу бөлігіне » ЖСН нөмірін енгізіп істі тауып алып қарауға болады.
 
Нәтижелі іздеу болған жағдайда, сот мәжілісіне қатысушыға, іс бойынша мәліметтерді қарауға және сот актілері мен құжаттарды электронды түрін көшіріп алу мүмкіндігі болады.
 
Іс материалдарымен танысуға құқығы бар мүдделі тұлғаның, соттың төрағасына (алқа төрағасына) немесе іс өндірісі бойынша төрағалық етуші судьяға жазбаша нысанда арызы, парольді берілуіне негіз болады.
 
Іс материалдарын қарауға мүмкіндік беретін порльдің берілеуі жөнінде, арыздағанан кейін үш күн ішінде, арызданушының уәкілеттілігінің дәлелдейтін және мерзімін көрсететін құжаттары тексерілгенен кейін беріледі (мысалы: жеке куәлік, сенімхат, құрылтайшы құжаттар, лауазымды және заңды тұлғаның тағайындалуы туралы бұйрық, туу туралы куәлік, лецензиясы және берілген күнін көрсетілген заңды тұлғаның ордері) ЖСН.
 
Егерде уәкілеттілігін дәлелдейтін құжаттар жоқ болған жағдайда немесе толық болмаған жағдайда, арызданушы порольдің берілуін сұрап, қажетті құжаттарын тіркеп қайта арыздануға құқылы.
 
Парольдің берілуіне рұқсат беретін бұрыштама келесі мәліметтерді қамтуы қажет:
  • рұқсат берілетін іс номері.
  • Есепке алу жылы
  • Рұқсат беретін жасырын сөздің (пароль) қай мерзімге берілетіндігі
  • Қол жетімді ақпараттың көлемі (нақты бір сот сатысың материалдарына немесе барлық сот сатысының материалдарына).
Іс бойынша ақпаратқа рұқсат парольін алушы, сот өндірісіне қатысушы жеке өзі келіп, жеке куәлігін және ЖСН соттың жауапты маманына ұсынуы қажет.
Пароль қол хат арқылы беріледі. Тұлғаға парольді заңға қайшы қолданған жағдайда жауапкершілігі және порольдің жою тәртібі түсіндіріледі.
Парольдің қолдану мерзімін өзгерту, жою немесе парольді өзгерту соттың төрағасының (алқа төрағасының) немесе іс өндірісі бойынша төрағалық етуші судьяның жазбаша нұсқауымен (бұрыштамамен) жүзеге асырылады.
 
Сот мәжілісіне қатысушы тікелей, сот талқылауы болып жатқан немесе болып кеткен соттың кеңсесіні жүгінген кезде, аталған сұраным «ҚР СО БААТЖ ішкі ведомствалық бағдарламаға, ДБ «Сот өндірісіне» келесі реквизиттерді толтырумен енгізіледі:
  • ЖСН;
  • Аты, тегі, әкесінің аты;
  • Санаты (талапкер, адвокат және т.б.)
  • Арыздану мерзімі
  • Электроды мекен жайы
Сұраным енгізілгенен кейін, істі қарауға рұқсат беретін порольді беруге, жауапты тұлға сот кеңсе маманы, БД «Сот өндірісі» «ҚР СО БААТЖ ішкі ведомствалық бағдарлама құралдары арқылы парольімен тиісті формасын әзірлеп, жазбаша түрінде сот мәжілісіне қатысушыға береді.
 
Сот мәжілісіне қатысушы істі ҚР СО ішкі порталында өзінің ЖСН мен сот кеңсесінен алған рұқсат беретін поролін енгізу арқылы іздейді.
 
Сот мәжілісіне қатысушыға, электронды бақылау өндірісінде көрсетілген іс бойынша мәліметтерді қарауға және сот актілері мен құжаттарды электронды түрін көшіріп алу мүмкіндігі беріледі.
 
Ақпаратық қауіпсіздікті сақтау мақсатында сот мәжілісіне қатысушының Электронды бақылау өндірісі арқылы іс бойынша мәліметтерді қарауға байланысты барлық әрекеттер тіркеледі.
 
Маңғыстау облыстық сотының
бас маманы Айдарбаева Айсет