Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының судьялары аудан белсенділерімен кездесіп, қылмыстық процестегі реформалардың жаңашылдықтарын түсіндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық процестегі реформаның басты бағыттарын түсіндіру мақсатында Бейнеу аудандық сотының судьялары аудан белсенділерімен және тұрғындармен кездесу өткізді.

Аудандық сот төрағасы Иниятулла Досетов республикада сот жүйесін одан әрі жетілдіру және азаматтардың әділ төрелікке қол жеткізуін жеңілдету бағытында атқарылып жатқан істердің негізгі аспектілері туралы айтты. Кездесу барысында судьялар Ұлт Жоспарын орындау мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобының қылмыстық процесті оңтайландыру және құқық қорғау саласын жетілдіру бойынша атқарған жұмыстарына ерекше тоқталды.

Реформадағы негізгі өзгеріс -  қылмыстық қудалау органдарының, прокуратура және сот салаларының процессуалдық өкілеттіктерінің шектерін айқындау. Яғни, аудан тұрғындарына қылмыстық реформа жобасында азаматтарды соттың санкциясынсыз ұстау мерзімін 48 сағатқа дейін қысқарту, жасырын тергеу әрекеттерін санкциялауды сотқа беру және айыптау мен қорғау жақтарына теңдей мүмкіндік бере отырып, сот процесінің жарыспалылығын арттыру мәселелері қарастырылғаны туралы түсінік берілді.

Қайнар: 
Бейнеу аудандық сотының баспасөз қызметі