Маңғыстау облыстық сотында 2013 жылдың үздік судьясы анықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Маңғыстау облыстық сотында өткен ҚР Судьялар одағы Маңғыстау облыстық филиалының конференциясында ашық дауыс беру арқылы 2013 жылдың ең үздік судьясы таңдап алынды.
Осы жоғары атаққа Маңғыстау облыстық сотының кассациялық сот алқасының судьясы Ниязбаева Айслу Мусиевна ие болды.
Айслу Мусиевна судья қызметінде 17 жылға жуық уақыт еңбек етіп келеді. 2002 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Маңғыстау облыстық сотының судьясы лауазымын атқарып келеді.
ҚР Судьялар одағы облыстық филиалының төрағасы Аралбай Нағашыбаев әріптестерімен бірге Айслу Мусиевнаны бұл атаулы оқиғамен құттықтап, бұдан әрі де жетістіктерге жете беруіне тілек білдірді.
 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.