Қызметтік ит шекарада есірткі контрабандасын ұстады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бейнеу аудандық сотында қысқартылған тәртіпте  ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігімен, 286-бабының 1-бөлігімен, 296-бабының 2-бөлігімен Өзбекстан Республикасының азаматы С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы осы жылы наурыз айында Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласынан шығып, Ресей-Қазақстан шекарасы арқылы Өзбекстанға қарай жолға шыққан. «Тәжен» кеден бекетінің қызметкерлері қызметтік-іздеуші иттің көмегімен кедендік бақылау жүргізу кезінде С.-ның нәскиінен салмағы орамасыз 1,54 грамм болатын гашиш есірткі затын тапқан. Сондай-ақ, С.-ның айналысы шектелген заттардың контрабандасын жасауға оқталғаны және бұған дейін есірткіні қолданғаны да анықталды.

Сот сотталушының жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындауын, өкінетінін, бірінші рет сотты болуы мен кәмелетке толмаған балаларының барын ескеріп, ҚР ҚК-нің 24- бабының 3-бөлігі, 286-бабының 1-бөлігі, 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған түпкілікті 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 202 500 теңге көлемінде айыппұл жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Бейнеу аудандық сотының баспасөз қызметі