Қызметкерге пара бергені үшін 6 айға сотталды . . .

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотымен сотталушы «М»-ға қатысты қылмыстық іс қаралған. Яғни, 14.01.2014 жылы сотталушы М, өзінің қылмыстық іс әрекетімен Ақтау қаласының Салық басқармасына келіп, салық басқармасының қызметкеріне оған қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту хаттамасын толтырмау үшін, салық бсқармасының қызметкері лауазымды тұлға екенін біле тұра оған 80 000 теңге пара берген.  

Маңғыстау облысы бойынша ЭСЖҚД қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтау қалалық Салық басқармасының ғимаратында  салық басқармасының қызметкеріне 80 000 теңге пара беру кезінде сотталушы М ұсталынған. Оқиға болған жерді қарау барысында 80 000 теңге анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынған.

Заңды күшіне енген сот үкімімен сотталушы М ҚР ҚК-нің 312 бабы 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленген.

Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі