Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Ақтау қалалық сотында сотталушы К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы К.,  Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 3 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанын біле тұра,  алкогольдік масаң күйде автокөлік айдап, полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Сот үкімімен ол  ҚР ҚК-тің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, оған 150 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған.

Сондай жағдайда, екінші рет соттың үкімімен сотталушы К. ҚР ҚК-тің 346-бабының 1-бөлігімен қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған  3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалып, жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 53025 теңге айыппұл жазасы тағайындалған. Қазақстан Республикасының 13.12.2016 жылғы №27-VІ «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2-бабының 1 -бөлігі, 7-бабының 3-бөлігіне сай,  К. негізгі жазадан босатылған.

Ал, автокөлік құралдарының барлық түрлерін басқару құқығынан 3  жыл мерзімге айыру түріндегі қолданылған қосымша жаза үкім заңды күшіне енгеннен кейін орындалуға жататындығы көрсетілген.

Сот үкімдері заңды күшіне енген.

 

Қайнар: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар