Күйеу бала өзінің енесіне жеңіл дене жарақатын салған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотымен сотталушы Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралған.

 Сотталушы Т. өзінің үйінде бола тұра, қасақана, жанұялық келіспеушіліктен туындаған қарым-қатынастың салдарынан енесі Ш-ны иығынан, ішінен ұрып, оған жеңіл дәрежедегі зиян келтірген.

Сотталушы Т. өзінің іс әрекетімен қылмыстық теріс қылық жасаған, яғни денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген.

Ақтау қалалық сотының үкімімен Т.  ҚР ҚК-нің 108-бабымен /денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру /  кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша жетпіс сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту  жазасы тағайындалған.

 

Қайнар: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі