Құрметті маңғыстаулықтар мен әріптестер!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сiздердi көктемнiң нұрлы мерекесi — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Шуақты көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі – асыл аналарымызға арналып, екінші аптасы Амал мерекесімен жалғасты. Міне, оның арты  Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз» мерекесіне ұласып отыр.

Күні мен түні теңескен Наурыз – жаңару мен жасару айы. Наурыз –табиғатты түлетіп, тұрмысты түзететін, тіршілік бүр жарған көктем мен еңбек тойының бастауы саналған. Жаңа жылдың жаршысындай бұл күнді халқымыз ақ тілеудің, пәк пейілдің күні деп бағалаған. Ата дәстүрінде бұрын араздасқан ағайын дос жаранның өзі қасиетті той үстінде татуласып, бірін-бірі дәмге шақырып өкпе назды ескі жылға еншілетіп, жаңа жылдың табалдырығын жарқын жүз, жақсы тілекпен аттаған. Бүгінде ата-бабамыздан жалғасын тауып келе жатқан осы бір жаңару мен жасампаздық күні жалпыұлттық және сүйікті мерекеге айналғаны қашан.

Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық соты Елбасы тапсырмасы мен міндеттерін сапалы деңгейде жүзеге асырып келеді. Қарт Каспийдің құшағында  орналасқан шағын өлкенің шалғайда жатқандығына қарамастан, сот төрелігін жүзеге асыруда берекелі ісі мен тындырымды тірлігінің даму жолында бiр отбасындай ұйып, аянбай еңбек ете білген мына сіздердің үлестеріңіз зор.  

Сіздерді осы тамаша мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық береке, табыс тілеймін! Ұлыстың Ұлы күні баршамыз үшiн жақсы бастамалардың, жарқын ойлардың, игi iстердiң күнi болсын.

 

Құрметпен      

Маңғыстау облыстық сотының

төрағасы                                                                                                                                                  Ж.Аланов

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі