Көші-қон заңнамасын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 4-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) Грузия Республикасының азаматшасы У.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Грузия Республикасының азаматшасы У. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып,  тіркеу кезінде  көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен  асатын кезең ішінде кетуден жалтарған.

Сот қаулысымен У. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, оған осы баппен 15 АЕК мөлшерінде  әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі