Көші-қон заңнамасын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 4-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) Өзбекстан Республикасының азаматы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматы А. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып,  тіркеу кезінде  көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен  асатын кезең ішінде кетуден жалтарған.

Сот отырысында А. өзінің кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірген.

Сот қаулысымен А. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, осы баппен 3  тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазасы қолданылған.

Сот қаулысы заңды күшіне енді. 

 

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі