Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында шетел азаматы  Х-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматы Х. Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, жұмысқа орналасуға арнайы рұқсат алмай, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының халықтық көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған.                                                                           

Сот қаулысымен Х. ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі