Көршілер медиация тәртібімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бейнеу аудандық сотында азамат С.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабымен (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы С. 29 сәуір 2017 жылы сағат 20.00 шамасында жанжал шығарып, қасақана көршісі, жәбірленуші Д-ны ұрып, дене жарақатын салған.

Тараптардың медиация тәртібімен бітімгершілікке келуіне байланысты, жеке айыптаушы Д. айыптаудан бас тартып, іс өндірісін тоқтатуды сұрап, сотқа медиациялық келісімді  ұсынды.

Бейнеу аудандық сотының қаулысымен ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабымен айыпталған С-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша іс жүргізу сотталушының жекеше айыптаушымен медиация тәртібімен татуласуына байланысты ҚР ҚПК-нің 35-бабының 1-бөлігінің 5-тармағы негізінде тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Бейнеу аудандық сотының Баспасөз қызметі