Контрабандамен шекара арқылы өткен

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында Ц.-ға қатысты қылмыстық іс  қаралды.

Сотта анықталғндай, Ц. Австрия мемлекетінің Грац қаласында бола тұра,  тергеу барысында анықталмаған белгісіз тұлғадан өзі пайдалану үшін заңсыз,  0,5 грамм есірткі заты марихуананы сатып алған.

Сөйтіп, Ц. Австрия мен Түркия шекараларынан өтіп, Түркияның Стамбул қаласынан Қазақстан Республикасы Ақтау қаласына өзінде сақтаған есірткі затын өткізген. Ц. Қазақстан Республикасының  Кедендік одақтың кедендік шекарасы арқылы өтіп, Ақтау қаласының халықаралық аэропортына келген кезден, «Ауежай-Актау» кедендік бекеттің қызметкерлерімен және Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің кинологының қызметтік-іздестіру итінің қатыстыруымен соңғыға тексеру жүргізілген.  Сараптама қорытындысы бойынша  ішінде 0,09 грамм есірткі заты марихуанасы бар, қолдан жасаған жарты  темекі анықталып, табылған.

 Ақтау қалалық сотының үкімімен Ц. ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабының 1-бөлігімен, 296-бабының 2-бөлігімен  (контрабанда, айналыстан алып қойылған заттарды, яғни  Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы  заңсыз алып өту және қылмыстық теріс қылық, есірткі затын өткізу мақсатынсыз сақтау, тасымалдау) кінәлі деп танылып, оған  ҚР ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігімен түпкілікті айыппұл түріндегі, яғни 500 айлық есептік көрсеткіш, жалпы сомасы 1 134 500 теңге мемлекет пайдасына өндіру тағайындалды.

 Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі