Коммуналдық қызметтер үшін қарыз ақша өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Жаңаөзен қалалық сотында  талап қоюшы «Өзенжылу» ММК-нің жауапкер Д-дан 417 245 теңге коммуналдық қызмет үшін қарыз ақша және сот шығындарды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 145-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшысына сай іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған.

Сотпен талапкердің коммуналдық қызметін көрсету жөнінде міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалғаны, ал жауапкердің коммуналдық қызметі үшін төлемақыны өтемегені анықталды. 

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 482-бабының 1- бөлігіне сай, энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желi арқылы энергия беруге мiндеттенедi, ал абонент алынған энергия үшiн ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимiн сақтауға, өзiнiң қарауындағы энергетика желiлерiн пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.

Қазақстан  Республикасының  Азаматтық кодексінің 272-бабына сәйкес  міндеттеме-міндеттеме  шарттары мен заң талаптарына сәйкес  тиісінше орындалуға тиіс деп көрсетілген баптар негізінде Жаңаөзен қалалық сотының шешімімен талап қоюшы «Өзен жылу» ММК-нің талабы толық қанағаттандырылып, жария шарт бойынша коммуналдық қызмет үшін төлемақы қарызы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Жаңаөзен қалалық сотының Баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар