Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтарды ресімдеу, сотқа жолдау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында «Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтарды ресімдеу, сотқа жолдау және осы санаттағы істерді қарау  барысында туындайтын мәселелер» атты тақырыпта  семинар өткізіліп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  608,  610-баптары талқыланды.

Іс-шараға  судьялар, Ақтау қаласының ІІБ-нің әкімшілік тәжірибе бөлімінің басшысы, сот қызметкерлері  қатысты.

Семинарда сөз алған Ақтау қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы  Суйеуова Гүлмира «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті - қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, мемлекетке тез әрекет етуге мүмкіндік беретін негізгі құрал», - деп атап өтті.

Сондай-ақ, ол әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы, оның ішінде  жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру, көлік құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы туралы түсіндірді.

 Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар  шараның маңыздылығын айтып, өз ұсыныстарын білдірді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі