Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608- бабының 1-бөлімімен   Б-ға қатысты әкімшілік  іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Б. көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, жол қозғалысы ережелерінің 2.4.2 тармағында қаралған тәртіпті бұзған.

Сот қаулысымен Б. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған  көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыру туралы әкімшілік  жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі