Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,   А.  Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, «Асар» базарына қарсы тас жолда «Bmw 525» маркалы автокөлігін қасақана, көрінеу жалған R 525 HEM мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісімен  жол полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А.,  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590 -бабының 4-бөлігімен (Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) бар көлік құралын пайдалану)кінәлі деп танылып, осы баппен 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 42 420  теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жазасы  қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі