Қоғамдық тәртіпті қайталап бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 4-бөлігімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу)  Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Н., бұрын алкогольдік ішімдік ішкені және қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін бір жыл ішінде 2 рет әкімшілік жазаға тартыла тұра,  Ақтау қаласы, 8 шағын аудан, 24 үйдің жанында  алкогольдік ішімдік ішіп,  адамның қадір-қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келетіндей мас күйінде жүрген.

Сот қаулысымен  Н. жоғарыда көрсетілген бап бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі