Қоғамдық орынға алкогольдік масаң күйде келген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 4-бөлігімен К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, К.  Маңғыстау ауданы,  Шетпе селосының орталық көшесінде алкогольдік ішімдік ішкен және адамның қадір-қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келетіндей мас күйінде жүрген. Яғни, ол бұрын алкогольдік ішімдік ішкені және қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жаза тартыла тұра, дәл осындай іс-әрекеттерді қайталап жасаған.

Сот құқық бұзушы К-ны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 5 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасын қолданды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Маңғыстау аудандық сотының баспасөз қызметі