Қоғамдық орында балағат сөздер айтқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Ж-ға қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің434-бабының 2 бөлігімен (Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер) әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Ж., алкогольдік мас күйінде бола тұрып, Ақтау қаласы 27 шағын аудан 27 үйге қарама қарсы орналасқан «Алко» дүкенде жанжал шығарып, азаматша Л-ға балағат сөздер айтқан. Сол іс-әрекетімен қоғамдық тәртiптi бұза отырып, төңiрегiндегiлерге сыйламаушылық бiлдiрген.

Сотта құқық бұзушы Ж., өз кінәсін ішінара мойындап, құқық бұзушылық жасаған күні мас күйінде жанжал шығарғанын айтып, бірақ азаматша Л-ға., қатысты балағат сөздер айтпағанын көрсетті. Алайда сотқа қатысқан куәгер Б., құқық бұзушы Ж-ның азаматша Л-ға балағат сөздер айтқанын көрсетті.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы Ж., жоғарыдағы бап негізінде кінәлі деп танылып, 8  тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі