Әкімшілік сотта Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» атты тақырыпта семинар өткізілді. 

Талқылауға Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы  Ө.Садықов және судьялар, кеңсе қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасы  шараны ашып, Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру қажет. Әкімшілік айыппұлдар әділетті, әрі құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуы тиіс», - деп атап өткенін жеткізіп,  Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілген жаңа  өзгерістер Кодекс қағидаларын ізгілендіруге және азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталғандығын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, ол ӘҚБтК-ге жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қолданылатын жазалар және көлікке мас күйінде отырған мүгедек адамдарды көлік жүргізу куәлігінен айыру туралы тармақ қосылғанын атап өтті.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар кодекске енгізілген өзгерістер туралы пікірлерін айтып, өз  ұсыныстарын білдірді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі