Әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 4-бөлігімен  (Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер) К-ге  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, К. бұрын алкогольдік ішімдік ішкені және қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жазаға тартылған. Соған қарамастан К.   Ақтау қаласы 3 «б» шағын ауданы, 11 үйдің жанында  алкогольдік ішімдік ішкен және адамның қадір-қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келетіндей мас күйінде жүрген.

Сотпен К. жоғарыда көрсетілген бап бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі