Әкімшілік істерді апелляциялық сатыға жолдау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Апелляциялық, жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу. Әкімшілік істерді апелляциялық сатыға жолдау» тақырыбында оқып-үйрену сабағы өткізілді. 

Іс-шараға  Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі Г.Тлейбергенова және сот қызметкерлері қатысты.

Семинар сабағын аша келе, кеңсе меңгерушісі  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті басшысымен 05.03.2016 жылы бекітілген «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу Ережелерінің» талаптарына сәйкес, апелляциялық жеке шағымдар мен наразылықтар сотқа түскен күні тіркелуге жататындығын атап өтті. Сондай-ақ, ол Ереженің талаптарына сәйкес істі апелляциялық сатыға жолдауға қойылатын  басты талаптарға тоқталды.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ойларымен бөлісті.

 

Қайнар: 
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі