Әкелігі танылып, алимент өндірілуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бейнеу аудандық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер Ш.-дан әкелігін танып, алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, талап қоюшы Б. жауапкерге 05.10.2012 жылы тұрмысқа шыққан, алайда некесін заңдастырмаған, екеуінің мінезі келіспей, жүкті кезінде 2013 жылдың ақпан айында ата-анасының үйіне кетіп қалғанын, 22.07.2013 жылы босанып, О. есімді ұлды болғанын, алайда  жауапкер Ш. ұлына әкелікті мойындаудан бас тартқанын айтқан. Талапкер соттан жауапкерді ұлының әкесі деп танып, бала кәмелетке толғанша алимент өндіруді сұраған.

Сот мәжілісінде жауапкер Ш. талаппен келісіп, ұлы О-ның әкесі өзі екенін мойындайтынын және бала кәмелетке толғанша алимент төлеп тұруға қарсы емес екені жөнінде айғақ берді. 

Талап қоюшының талап арызы қанағаттандырылып, баласы кәмелетке толғанша жауапкерден алимент өндірілетін болды.

Шешім заңды күшіне енген.

 

Қайнар: 
Бейнеу аудандық сотының Баспасөз қызметі