Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында азаматша А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,  құқық бұзушы  азамат А. 27 қаңтар, 2016 жылы сағат 23:50 шамасында, Жаңаөзен қаласы, Шұғыла шағын ауданы, №24/26 үйінде орналасқан «Мирас» азық-түлік азық-түлік дүкенінде азамат Ә-ге бір дана «Ирбис» сырасын сатқаны анықталған.

Сот отырысында жеке тұлға А.  өзінің кінәсін мойындап, келешекте қайталанбайтынын   білдірген.      

Сот қаулысымен азаматша А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 200-бабының 3-бөлігімен (мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда  алкоголь өнімін сағат 23:00 ден келесі күнгі сағат 8:00 дейін  бөлшек сауда арқылы өткізу)  кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 21 210  теңге әкімшілік айыппұл жазасы қолданылды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі