Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотымен азамат С. Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу туралы  Маңғыстау облысы ішкі істер Департаментінің Көші-қон полиция басқармасының  арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс құжаттарынан анықталғаны, 2013 жылдың 02 наурыз   айында және 05 қыркүйек 2013 жылы Маңғыстау облыстық ішкі істер Департаментінің  өкілетті лауазымды тұлғаларымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 377 бабының 3 тармағымен, 336 бабының 1 тармағымен  әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Шетелдік С. сот мәжілісінде арызда көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағандығын мойындап, оған өкінетіндігін айтып, өзін Қазақстан Республикасының аумағынан шығармауды сұрады.

Ақтау қаласының № 2 сотының шешімімен Маңғыстау облысы ішкі істер Департаментінің Көші-қон полиция басқармасының арызы қанағаттандырылды.

Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі