Қайталап әкімшілік құқық бұзушылық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотында  А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 4-бөлігімен (осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер) әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А. бұрын 2  рет біртектес әкімшілік жауаптылыққа тартыла тұра, қоғамдық орында яғни, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосында орналасқан «Мерей» қонақ үйіне қарсы тас жолда адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей алкогольден масаю күйде жүрген.

Сот қаулысымен А.  жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып,  оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі