Қасақана бағынбаған үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық соты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 355-бабы 2-бөлігімен Ж-ға қатысты әкімшілік ісін қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Ж. 26 ақпан 2014 жылы Бейнеу селосында орналасқан  Бейнеу аудандық ішкі істер бөлімнің кезекші бөлімінде полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қойған заңды талаптарына қасақана бағынбай, аузына келген сөздерді айтып, тіл тигізген.

Ж.-ның іс әрекеттері сотта өзінің кінәсін мойындап берген жауаптарымен қатар, істің басқа да құжаттарымен толықтай дәлелденді.

Сот қаулысымен Ж. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 355-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7/жеті/ тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотының баспасөз қызметі