Халықаралық құқық нормалары туралы көмекші құрал жасалмақ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы менОқу орталығыбірлесе отырып, «Сот актілерінде халықаралық құқық нормаларын қолдану және Азаматтық және Азаматтық процестік кодекстерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау» тақырыбында семинар өткізді.

Шараға облыстық, аудандық соттардың судьялары қатысты. Семинар барысында сот актілерінде Конституция нормаларымен қатар,халықаралық құқық нормаларының әр түрлі санаттағы істер бойынша қолданылуға жататындығы талқыланды. Ол туралы қалалық, аудандық соттар судьялары мен Оқу орталығы бірлесе отырып, үлгі есебінде қосымша көмекші құралын жасау ұсынылды.

Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық сотының оқу орталығының жұмысын үйлестірушісі–облыстық соттың судьясы Г.Бақытжанова 2017 жылғы 27 ақпандағы №49-VI Заңымен Азаматтық процестік кодекске енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге тоқталып өтті. Оның ішінде Заңның 173-бабына сай, сот талқылауы оны дайындау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуы тиіс екендігіне баса көңіл аударылды.

Шара соңында қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар