Ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотынында азамат Е-ге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен  (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ жөнінде) әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Е. Жаңаөзен қаласы, Қызылсай кенті, Тобаниязов көшесінде орналасқан үйіне келіп, заңды некедегі зайыбы  К-ге қарсы былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдіретін әрекеттер жасаған.

Сотпен  Е. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі