Есірткі заттарын сату мақсатынсыз заңсыз сақтаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотымен сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралған. 

Сотталушы Ж. Ақтау қаласының 9 шағын ауданындағы №4 үйдің қасында  Ақтау қалалық ІІБ-нің полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, жеке басына тіну жүргізу барысында қағаз бумаға оралған жасыл түсті өсімдік тәріздес зат, сот криминалистикалық сараптамасының қорытындысы бойынша жалпы салмағы 4,83 грамм кептірілген марихуана табылған.   

Сотталушы Ж. өзінің іс әрекетімен қылмыстық теріс қылық жасаған, яғни есірткі заттарын сату мақсатынсыз заңсыз сақтаған.

Ақтау қалалық сотының үкімімен Ж. ҚР ҚК-нің 296-бабының  2-бөлігімен /есірткі затты сату мақстынсыз заңсыз сақтау/  кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл  жазасы тағайындалған.   

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі