Еңбекақыны төлемегені үшін жауапкершілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚазақстанРеспубликасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің  87-бабының 1-бөлігі бойынша (еңбекақы төлеу жөніндегі тараптарды бұзу) жеке кәсіпкер Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай,Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторымен жүргізілген тексеру барысында жекекәсіпкер Б.тарапынан Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтарының бұзылғаны анықталған.Яғни, азаматша А-ға еңбек шарты тоқтатылғаннан кейін тиесілі 44 161 теңге еңбекақысын төлемей, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 113-бабының 4-тармағының талаптары бұзылған.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 113-бабының 4 тармағына сәйкес, еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.        

Сот қаулысымен жеке кәсіпкер Б. 127260 теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұл жазасына тартылды.            

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі