Еңбек ардагерлерімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы 1 мамыр «Халықаралық бірлік күні» аудандық сот ұжымы мен облыстың еңбек ардагерлері С.К.Кауылтай және Ж.Ш.Кемелхановпен кездесті.

Кездесуді ашып сөз алған Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Избасаров ардагерлерді келе жатқан мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында қонақтар өмірінің қызықты кездерін айтып, ұжым арасында жұмыстың алға басу мақсатында және үлкен жетістіктерге жету үшін өздерінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу соңында аудандық соттың судьялары мен мамандары қонақтарға естелік сыйлықтарын берді.

Қайнар: 
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі