Экономикалық сот татуласу келісімін бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  ТОО «Oil Real Estate»  ЖШС-ның  ЖК Б-ға талап қоюы бойынша берешекті және өсімпұл өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында сотқа тараптардан татуласу келісімі ұсынылды, оған сәйкес жауапкер ерікті түрде талапкерге 1 464 972 теңге берешек сомасын және 535 027 теңге өсімпұл  төлейді, ал талапкер аталған берешек сомасын мерзімге бөліп төлеу мүмкіншілігі берілді.

Жауапкер татуласу келісімімен көрсетілген міндеттерін тиісті түрде орындамаған жағдайда, сот ұйғарымына сәйкес атқару парағын алып мәжбүрлеп орындауға жолдауға құқылы.

Сот тараптарға ҚР Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6) тармағына және 278-бабына сәйкес татуласу келісім бекітілгенде, бір мезгілде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылатынын түсіндірді. Сотқа сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша жүгінуге жол берілмейді.

ҚР «Салық және басқа бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  кодексінің 548-бабының 1-тармағына сәйкес татуласу келісім жасаған кезде төленген мемлекеттік баж сомасы қайтарылуға жатады.

 

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі