Екі жүргізушінің арасындағы дау бойынша сотпен бітімгершілік келісімі бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №2 сотымен М.Курбанова жауапкер Р.К.Рахимнан   жол көлік оқиғасынан келген материалдық және моральдық шығынды өндіру туралы  азаматтық ісі қаралды.

Талапкер  М.А.Курбанова  жауапкер Р.К.Рахим жол көлік оқиғасына кінәлі болып табылғанын, соның салдарынан жауапкер талапкердің автокөлігіне 185 500 теңге көлемінде материалдық шығын келтіргенін көрсетіп, соттан аталған соманы және 100 000 теңге мөлшерінде моральдық  зиянды өндіруді сұраған.  

Сот отырысы барысында іске қатысушы тараптар азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісімге келіп, олар соттан араларында жасақталған бітімгершілік келісімін бекітіп, азаматтық істі сот өндірісінен қысқартуды сұраған.

Бітімгершілік келісімінің негіздері бойынша, жауапкер  талапкерге жол көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығын ретінде 100 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат береді, ал талапкер жауапкерден 85 000 теңге мен моралдық залал ретіндегі өндірілуге жататын 100 000 теңгеден бас тартатын болып келісті.

Тараптардың бітімгершілік келісімге келуіне байланысты азаматтық іс сот өндірісінен қысқартылды.

Ұйғарым қазіргі таңда заңды күшіне енді. Сондықтан іске қатысушы тараптардың арасында жасалған бітімгершілік келісімі бекітіліп, екі жүргізушінің арасындағы жол көлік оқиғасынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы дауға нүкте қойылды.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі