Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қалалық сотында Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 108-бабымен (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  сотталушы Р. ішкілікті күйде бола тұра, қасақана, жәбірленушіге күш қолдану мақсатында «ескі сауна» ауаласында тұрған  әкімгер Т.- ға себепсіз тиісіп, ұрып-соғып дене жарақатын салып, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.

Басты сот отырысында сотталушы Р. кінәсін толықтай мойындап, істеген әрекетіне өкінетіндігін және жәбірленуші Т-мен өзара медиация тәртібімен татуласқанын көрсетіп, қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш берген.

Сот қаулысымен  ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабымен сотталушы Р-ға қатысты қылмыстық іс жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енді.   

Қайнар: 
Жаңаөзен қалалық сотының Баспасөз қызметі