Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған  ауданаралық   экономикалық сотында «Валекс» ӨК-нің «Компания «Найза-құрылыс» ЖШС-нен 1 279 009 теңге қарыз ақшаны және  сот  шығындарын өндіру туралы талап  арыз  қаралды. Азаматтық іс бойынша  тараптар  дауды (жанжалды) медиация тәртібімен төменде көрсетілген шарт бойынша шешуді ұсынған.  Жауапкер «Компания «Найза-құрылыс» ЖШС атқарылған жұмыстар туралы  актіге  қол қойып, 2017 жылдың 15 қыркүйек айына дейін  талап қоюшының есеп шотына  1 279 009 теңге  ақша төлейді.Тараптар  дауды  медиация  тәртібімен шешу  жөнінде  келісімге келуіне байланысты  талап қоюшы  талап  арыздан,  соның  ішінде 10 000 теңге  заң  көмегі үшін төлеген  шығынын  өндіріп беру туралы талабынан бас тартады.   Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасауларына байланысты соттан оны бекітуді  сұрады. Сот,  тараптар жасаған  келісіммен танысып, оның үшінші  жақтың  құқығына  нұқсан  келтірмейтінін, өзінің  мазмұны  бойынша  заңға  қайшы  келмейтінін ескеріп, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді  бекітті.

         Талап  қоюшыға    талап арыз берген кезде  төлеген мемлекеттік баж   салығы  қайтарылды.

Сот ұйғарымымен азаматтық іс өндірісі қысқартылды.

 

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі